Ұйғыр ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 26 қарашасындағы №14 қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу және аудан тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында аудан орталығы Шонжы ауылына кіру және шығу жолдары толығымен жабылып, блокпосттар қойылып, тек А. Арзиева көшесінің батыс жағында орналасқан санитарлық бекет арқылы ғана кіруге және шығуға болады.
Бұған аймақта коронавирус жұқтырғандар санының күрт артуы себеп.
Тәртіп сақшылары мен дәрігерлер, жергілікті атқару органдары қызметкерлері жолаушылардың дене қызуын тексеріп, сауалнама жүргізеді.
Ескере кететін жайт аудан аумағында орналасқан Ыстық су көздері (Горячие источники) барлық санитарлық норма талаптарын сақтай отырып өз жұмысын жалғастыратын болады.