Ашылу салтанатында аудан әкімі тұрғындарды жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтап, бұл кеңсенің халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Талғат Бектұрсынұлы Бектұрсынов сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын жаңа цифрлық кеңсенің ашылуымен құттықтады.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған цифрлық кеңседе тұрғындарға күніне 400-500 адамға дейін қызмет көрсетіледі. Мұнда 1360-тан астам мемлекеттік және цифрлық қызмет түрлері қолжетімді.

Жаңа кеңсе – азаматтардың уақытын үнемдеп, қызмет көрсету процесін барынша жеңілдетуге бағытталған маңызды қадам. Бұл – ауданның цифрлық даму жолындағы тағы бір нақты жетістігі!
Сілтемесi: https://instagram.com/p/DPjLQnrCNt6