Аудан әкімі Ш. Нурахунов тұрғындарды онлайн форматта жеке қабылдау өткізді. Аудан басшысы тұрғындармен бейнебайланыс арқылы тілдесіп, мәселелерін тыңдады. Қабылдауға жазылған азаматтардың көтерген мәселелері тұрғын үй мен жер телімін алу, әлеуметтік көмектер және ауылішілік жолдың жағдайы болды. Азаматтарға Заң аясында түсініктеме беріп, тиісті бөлім басшыларына зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Өз кезегінде тұрғындар аудан әкіміне алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.
Аудан әкімі тұрғындарды онлайн форматта жеке қабылдау өткізді