Коронавирусты жұқтырмау үшін сіздерден «жеке карантинді» сақтауларыңызды сұраймыз.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған қарапайым ережелерді еске саламыз:
- әрдайым мүмкіндігінше жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және т.б жерлерде ара қашықтықты сақтау;
- егер сіз кеңсе қызметкері болсаңыз - мүмкін болса, қашықтықтан жұмыс істеу;
- бейне байланыс, жаңа технологиялар арқылы туыстармен және достармен онлайн сөйлесу;
- қоғамдық жерлерде маскалар кию;
- қолыңызды жиі жуып, санитарлық тазартқышпен тазалалау;
- уақтылы өзіңіздің және отбасы мүшелерінің температурасын өлшеу;
Симптомдар пайда болған кезде (әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі) дереу дәрігерге хабарласыңыз.
Сіздерге зор денсаулық тілейміз!