Ұйғыр ауданының ауылшаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты фотокөрме өткізілді.
Аталған іс-шара барысында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Лутпулла Хавайдуллаев аудан тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлерге өңірдің ауыл шаруашылық саласындағы тәуелсіздік жылдарынан бергі жеткен жетістіктерімен таныстырып, қойған сұрақтарына жауап берді.
Бұл іс-шара ауыл шаруашылығы тауарларын ішкі және сыртқы нарықтарға жылжыту, азаматтарды өңірдің ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізілген жетістіктерімен таныстыру, жан-жақты көрсету, ауылдардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы табыстары мен жетістіктерін, азаматтардың қосқан үлестерін жеке-жеке көрсетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.