Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 17.10.2020 жылғы «Алматы облысы аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы» №29 қаулысына сәйкес шектеулерді таныстырып, түсіндіру мақсатында аудан орталығында орналасқан тойхана, асхана, дәмхана иелерімен аудан әкімінің орынбасары К. Бағбаев кездесу өткізді. Жыйын барысында аудандық Бас санитарлық дәрігер М. Тохметов ауданда жүргізіліп отырған санитарлық шаралар, карантин режимінің талаптары жайында толық түсіндірдіп өтті. Кәдіржан Исаханұлы аудан тұрғындарының қауіпсіздігі, індеттің тарамауы үшін сақтық шараларына бейқам қарамай отбасылық еске алу шаралары, үйлену тойлар, ас-нәзірлерді т.б. карантин режиміне сәйкес өткізбеуге шақырды.