Бүгін ауданымыздың кәсіпкерлері аудандық орталық ауруханаға 3 оттегі концентраторларын алып берді. Бұл аппараттар пневмония індет жеңуге үлкен септігін тигізеді. Ауданның басшысы және аудан тұрғыны ретінде жомарт кәсіпкерлерімізге алғысымды білдіремін. Осы бағыттағы жұмыстардың өз жалғасын тауып жатқанын білеміз. Бұл індетпен алғы сапта күресіп кележатқан медицина қызметкерлеріне зор алғыс айтқым келеді. Бірақ өкінішке орай дәрігерлердің еңбекқорлығы мен дамыған медицинаның күшіне қарамай оқыс оқиғалар орын алуда. Бұл ауруды біздің бірлігіміздің арқасында жеңуге болатынын дәлелдейді. Сондықтан аудан тұрғындары, жерлестерім барлықтарыңызды карантиннің қарапайым шарттарын сақтауларыңызды сұраймын. Абай болыңыздар!
Аудан әкімі Ш. Нурахунов