Аудан тумалары Бекжан Тұрыс пен Нұркен Өтеуіл өз аттарынан бір оттегі концентраторын алған болса, аудан жастары жиналып, оттегі концентраторын, электроотсос, рециркулятор, сонымен қатар 50 адамға арналған ыдыс аяқтарды табыс етті.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл". Өлкемізге пандемия таралғалы елдің елдігі, ағайынның ауызбірлігі артып, жан жақтан көмек қолын созушылар көбеюде. Бүгінгі игі іс солардың бірі ғана. Аппараттарды қабылдап алған аудандық аурухананың бас дәрігері Мақсот Байчеркешов осындай атымтай жомарт азаматтар мен аудан жастарына алғысын білдірді.
Төле би бабамыз өсиет еткен татулық пен бірлік бар жерде алынбайтын асу болмаса керек. Ендеше жігерлі жастарымыздың, арда ба туған ағаларымыздың бұл істері көпке үлгі. Еліміз аман болып, аты жаман індеттен тезірек арылуды жазсын, Жаратқан!

Сілтемесi: https://vk.com/id448237512?w=wall448237512_1579