ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстандағы COVID-19 жағдайы туралы жедел ақпарат беру үшін Coronavirus2020 мобильді қосымшасын жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қосымша арқылы тұрғындар Қазақстандағы COVID-19 жағдайы туралы жедел ақпаратты уақтылы біле алады.
Әзірге Coronavirus2020.kz сайтынан қосымшаны компьютерге жүктеуге болады (https://m.coronavirus2020.kz). Және жақын арада iOS (App Store) пен Android (Play market) платформаларында қолжетімді болады.
Қосымшада төмендегідей ақпарат болады:
• Коронавирусты таратпау үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар;
• Індеттен сақтану және алдын алу шаралары;
• Коронавируспен ауырған және жазылған адамдардың жедел статистикалық деректері;
• Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарындағы Call-орталық нөмірлері;
• Түрлі жағдайларда жасалатын шаралар алгоритмі;
• Елдегі барлық шектеу шаралары;
• Жаңалықтар лентасы;
• COVID-19 туралы ең жиі қойылатын сұрақтарға брошюра мен бейнеролик түріндегі жауаптар.
Комментарийлар