Мұсылман қауымы үшін ұлық мереке құрбан айт жақындап келеді. Бұл кезде халық шамасы жеткенше құрбан шалатыны анық. Биыл ел ішінде пандемияның өршуіне байланысты аталған әсімді өткізудің біршама алғы шарттары белгіленді.
COVID-19 коронавирустық инфекциясының облыс тұрғындары арасында таралуының алдын алу мақсатында «Қатаң шектеу шараларын енгізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 44 қаулысын назарға ала отыра бір қатар ережелер орнатылды.
Ендігіде Құрбан айт мерекесі кезінде 2020 жылдың 31 шілдесі мен 2 тамызы аралығында тыйым төмендегі шараларға тыйым салынды:
1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үйлер мен мешіттерде адамдар көп жиналатын бұқаралық іс-шаралар өткізу;
2) облыс аумағында автожол бойында мал союды ұйымдастыру және өткізу, көліктен мал сату және жеке үйлерде мал сату;
3) облыстың орталық мешіті белгілеген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтары мен базарлардың қызметін 31 шілдеден 2 тамызға дейін тоқтата тұру.
Бүгінгі күні онлайн құрбандық шалу рәсімі туралы БАҚ арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мал сою тек ветеринариялық сертификат болған жағдай да ғана, жабық жерде өткізіледі.
Құрбан шалынатын орындарда ветеринариялық-санитариялық нормалар қатаң түрде сақталынуы тиіс делінген қаулы да.
Қасапшыны арнайы киіммен, бір рет қолданылатын медициналық маскалар, қолғаптар қорымен (жұмыс ауысымының ұзақтығына және бетперде ауысымына қарай кемінде 2 сағатта 1 рет), қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету міндетті.
Сонымен қатар, мал соятын орынға, яғни цехқа бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді.
Биылғы жылғы құрбан айт мерекесінің ерекшелігі ниет етуші адам құрбандықты шалуға онлайн өтініш береді. Және де арнайы мал соятын орын белгіленген. Рұқсат етілмеген орынға барып құрбан шалуға тыйым салынып отыр. Бұл шектеу шаралары елдің бас амандығы үшін күшіне енді. Осындай талаптар арқылы, індеттің өршуінің алдын алып, адамдар шоғырының көптеп жиналуын тоқтатуға болады.