Қазіргі уақытта атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі сапалы мемлекеттік қызмет көрсету. Бұл бағытта маңызды орын алатын халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО). ХҚКО заманауи талаптарға сай келмейтін облыстағы аудандардың бірі біздің аудан. Осыны ескере отырып, облыс әкімдігінің қолдауымен, 2019 жылдан бастап аудан орталығына салу жоспарланған ХҚКО құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Бүгінде аталған құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтуде. Келесі жылы мемлекеттік қызметтер, оның ішінде арнайы ХҚКО қызметтері көрсетілетін заманауи ХҚКО құрылысы жоспарлануда.
Сілтемесi: https://vk.com/id448237512?w=wall448237512_1654