Аудан әкімі Ш. Нурахунов Қалжат, Кіші Дихан, Кетпен, Дардамты, Ақтам, Тиірмен, Ават, Үлкен Ақсу, Қырғызсай, Сүмбе ауылдық округтері тұрғындары алдында кезекті есептік кездесулерін өткізді. Аудан басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарға егжей - тегжейлі тоқталып, осы жылға жоспарланған игілікті істерді жан-жақты талқылап, баяндады. Жиындарда ауыл тұрғындары тарапынан белсенділік байқалды.

Есептік кездесулерден кейін ауыл азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Қабылдау барысында әртүрлі сала бойынша түйіткілді мәселелер мен ұсыныс, пікірлер, сұрақтар түсті.

Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріп, тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Сілтемесi: https://vk.com/id448237512?w=wall448237512_1860