2021 жылдың 3 наурыз күні ШЖҚ "Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы" МКК емханасында "Спутник V" (Гам-Ковид-Вак) екпесімен бірінші кезектегі медицина қызметкерлерін егу басталды. Егілу барсын қадағалау мақсатында аудан әкімінің орынбасары К.Бағбаев тексеріс жұмыстарын жүргізіп, бақылап қайтты. Алғашқылардың бірі болып аталмыш екпемен Ұйғыр аудандық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының басшысы М.Тохметов егілді. Бүгінгі күнде аудандық емханаға 400 доза екпе берілді. Алдағы уақытта екпе жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

Сілтемесi: https://vk.com/id448237512?w=wall448237512_1941