"АЖК" АҚ Ұйғыр ЭТА Сізді ағымдағы жылдың қараша айында Шонжы ауылы аудан орталығының төменгі бөлігі (№2534 ә/б, ЦРБ, прокуратура, ветстанция, ветлаборатория, Шонжы ауылының солтүстік бөлігінің тұрғындары) қоректенген жоғары вольтты ЭЖЖ-да күндізгі уақытта электр энергиясын ажыратумен тіректерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабардар етеді.

Тиісті ұйымдарға алдағы ажыратулар және олардың резервтік көздерден электрмен жабдықтау шараларын қабылдауы туралы ескертумен хаттар жіберілді.

ҰЭТА уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.