Құрметті ата-аналар, ұстаздар, тәрбиешілер!
Жазғы демалыстың басталуына байланысты, балалардың бос уақыты көбейеді. Өкінішке орай, осы кездері балалардың жарақат алуы, соның ішінде электр тоғынан жарақаттануы жиілейді.Тұрғындық аудандардың, мектептердің, балабақшалардың аумағында балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін трансформаторлық қосалқы станциялар (ТҚС) немесе бөлу пункттері (БП) болады.
Кейбіреулер электр қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білмегендіктен немесе үзіліп қалған сымды басып кетіп, жазатайым жағдайда электр тоғына түсіп қалып жатса, енді біреулер жұмыс істеп тұрған электр құрылғылардан түсті металдар іздеп кернеуге түсіп, тоқ ұрады.
ТҚС мен БП есіктерінің арнайы құлыптармен жабылатынына қарамастан, көп жағдайларда оларды түсті метал сынықтарын ұрлау мақсатымен немесе бұзақылық пиғылмен бөгде адамдар бұзып тастайды. Халықтың көмегінсіз бұзылған құлыптарды дер кезінде байқау қызмет көрсететін персонал үшін қиынға түседі.
Осындай жағдайларды болдырмау үшін, сіздерден өтініш, электр тоғының ұру қаупі бар екендігін ескертетін белгіге назар аударыңыздар. ТҚС есігінің сыртқы бетіне ирек-қара жебе тәрізді сурет бар, айналасы қара түспен жиектелген, сары түспен боялған үшбұрыш түріндегі белгі жапсырылады.
Осыларға байланысты, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Ұйғыр аудандық электр торабы Ұйғыр ауданы тұрғындарына көптен-көп өтініш айтады...
Балаларға түсіндіріңіздер, мыналарға үзілді-кесілді тыйым салынады:
- электр шкафтарының, жинақтамалар, қалқаншалар есіктерін ашуға;
- ТҚС-ға кіруге және тіректердегі оқшаулағыштарды сындыруға;
- электр жеткізетін әуелік желілер тіректеріне шығуға;
- көшеде, аулада, саябақта үзілген сымдарға жақындауға және ұстауға;
- электр жеткізетін әуелік желілердің сымдарына әр түрлі заттарды лақтыруға;
- электр ашасына тасымалдық электр қабылдағыштардың жалаң сымдарының ұштарын қосуға;
- ағаштарға, үй және құрылыс шатырларына, сатыға шығып, сымдарға 1,5 метрге дейін жақындауға;
- ойнау үшін кернеуде тұрған электр құрылғылар мен жабдықтарға жақын орынды пайдалануға, әуеге ұшыратын ойыншықтарды ұшыруға, электр жеткізуші желілердің астында ойнауға.

Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін, электр құрылғылар есіктерінің ашық қалғаны, құлыптарының сынғаны, сымдарға әр түрлі заттардың ілінгені, сымдардың үзілгені туралы электр тораптық диспетчерлік пунктке дер кезінде хабарлауларыңызды сұраймыз:
2-14-83, 2-27-05

Есте сақтаңыздар! Электрмен жарақаттанудың салдары мейілінше қауіпті және көбнесе басқа жарақаттануға қарағанда өлімге және ауыр жағдайларға алып келеді. Электр бізге мейірімді дос және көмекші болғанымен, оған немқұрайлы қарау оны мейірімсіз жауға айналдырып, түзелмейтін қайғы-қасіретке себеп болады.

Ұйғыр ЭТА