Төтенше жағдайлар кезінде Алматы облысындағы нысандар төмендегідей жұмыс істейтін болады:

– Iрі сауда, сауда-ойын сауық орталықтары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеулі уақыттарда жұмыс істейді (азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерден басқалары);
– Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары қалыпты режимде күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық шараларды атқара отырып жұмыс істейді;
– Киім-кешек базарлары сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектеулі уақыттарда күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық шараларды атқара отырып жұмыс істейді. Барлық сауда нысандарында санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар тұтақты ұйымдастырылады. Қоғамдық тамақтану орындарында, соның ішінде СОО-лардағы фуд-корттарда дезинфекция жасалатын болады;
– Азық-түлік қауіпсіздігі шараларын тиімді жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын үздіксіз жеткізу мен оның бағасын тұрақтандыру қамтамасыз етіледі;
– Қоғамдық көлік соңғы аялдамалық пункттерде және жуу орындарында автобустарға дезинфекция жүргізе отырып, бұрынғыдай режимде жұмыс істейді;
– Балабақшалар медициналық және санитарлық бақылауды күшейте отырып, қалыпты режимде жұмыс істейді;
– Мектептен тыс қосымша білім беру нысандарының қызметі тоқтатылады (Оқушылар сарайы, үйірмелер, секциялар, компьютер клубтары), сол сияқты барлық спорттық нысандар жабылды. Оқу-жаттығу жиындары, спорт түрлерінен жаттығулар, барлық деңгейдегі жарыстар өткізілмейді;
– Ойын-сауық, спорттық шаралар (көрерменсіз өтетін шаралардан басқа) және басқа да бұқаралық шаралар өткізуге, сол сияқты отбасылық еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады;
– Кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелер мен көңіл көтеретін орындардың (түнгі клубтар, караоке-барлар, компьютер клубтары, фитнес-орталықтар, тренажер залдары, бассейндер, моншалар) және басқа да халық көп жиналатын орындардың жұмысы тоқталды;
– Мейрамханалардың, кафелердің және басқа да қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін шектеулі, бұл ретте бір мезетте жиналған адамдардың саны 50-ден аспауы тиіс.

Сілтемесi: https://vk.com/id448237512?w=wall448237512_1249