Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, мерекелік шаралар тек онлайн форматта өтетіндігін естеріңізге сала келе, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ауданымызда «Жаужүрек полкі» шарасының бастау алғандығын хабарлаймыз!

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары батырлардың портретін ұстап шеруге шығатын «Жаужүрек полкі» шарасының да форматы өзгерді. Енді акция әлеуметтік желі арқылы жаңа форматта жалғасатын болады.

Егер Сіздің Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек, батыр бабаңыз болса, фотосуреті мен толық аты-жөнін ағымдағы жылдың 08 мамыры, сағат: 12.00 дейін 87771319294 watsapp желісіне жіберіңіз. 09 мамыр, Ұлы Жеңіс күнінде ауданымыздың «Жаужүрек полкі» uigur.zhetysu инстаграмм парақшасында жарияланатын болады.

Ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлерін бірге құттықтап, бейбіт өмір үшін жанын қиған майдангерлерді еске алып, рухына бірге тағзым етейік!

Сілтемесi: https://vk.com/id448237512?w=wall448237512_1398